Ақтөбеде полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін үйретеді

Ақтөбелік полицейлер балалардың жол бойындағы қауіпсіздігін жіті бақылауға алған.

Ол үшін мектептерде, қосымша дәріс те оқып жүр. Жүйткіп келе жатқан көлік жолын кесіп өтуге болмайтыны және түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу, әдіс-тәсілдері түсіндіріледі. Жыл басынан бері облыс төңірегінде тіркелген жол көлік оқиғаларында, кәмелет жасына толмаған 8 бала зардап шеккен. Сондықтан, оқушыларға қауіпсіздікті қаперден шығармау керегін әрдайым ескерту маңызды дейді,- тәртіп сақшылары. Қаладағы мектеп гимназиялардың бірінде, тіпті арнайы бұрыш та ұйымдастырылған. Бұл жерде жол қозғалысының негізгі ережелерін үй-реніп, түрлі жаттығу да жасауға болады.

Ақерке Мырзағұлова, "Білім" мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

- Балаға жүз рет айтқанша, бір рет көрген жақсы»,-дейді. Сондықтан ауызша айту арқылы емес өз кездерімен, бірге, осы жерде жүріп, қандай белгіден қалай өту керек? Қайсысы нені меңгертетін белгі екенін балалар өзі қолданып жүрсе ол баланың есінде жақсы сақталады. Сондықтан іс жүзінде көрсеткен ол тиімдірек.