Қарағанды облысында вирустық гепатит өршіді

Қарағанды облысында вирустық гепатит жұқтырғандар саны күрт көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы 2 айда 27 адам қауіпті дертке шалдыққан, оның 8-і – 14 жасқа дейінгі бала. Өткен жылмен салыстырғанда ауру 4,5 есе өсіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, эпидемиялық ахуал әр 5 жыл сайын қайталанып отырады. Індеттен сақтанудың жалғыз жолы – екпе алу, жеке гигиенаны сақтау.

Вирустық гепатиттің 5 түрі бар. Солардың барлығында өсім байқалады. Науқастанған балалардың бәрі вакцина алмаған көрінеді.

Анар Азыханова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Вакцина алмаған балалар ауырған. Қатынаста болған балаларды оқшаулатып, олар медициналық бақылауға алынды. Вакцина алмағандарға вакцина егілді. Ошақтарда, мектептерде және басқа үй ошақтарында қорытынды дезинфекция жасалды.