Алматының тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салына ма?

Алматының тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салу керек.

Мұндай бастаманы сенатор Андрей Лукин көтерді. Ол Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, таулы жерлерде жеке құрылыс жүргізуге мараторий жариялауды сұрады. Оның айтуынша құрылыс тек біреудің салғырттығымен немесе қамқорлығымен жүруі мүмкін. Бұдан Алматы аудандарының тау бөктеріндегі ерекше ландшафтқа қауіп төніп тұр. Андрей Лукин Үкіметті қаланың таулы аймақтарында және облыстың шаһарға іргелес аудандарында тексеріс жүргізуге әрі мораторий енгізуге шақырды. 

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Соңғы 10 жылда таулы аудандарда құрылыс қарқын алды. Ол үшін бақшалар жойылып, тау етегіндегі ағаштар кесіліп жатыр. Жекеменшік құрылыс компаниялары бизнесті тексеруге жарияланған мораторийді желеу тартып, шаруа қожалықтары мен бау-бақшаға арналған жердің мақсатын жеке тұрғын үй салуға өзгертеді және тау бөктерінде орналасқан аймақтарда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жалғастырып келеді. Мұндай тау бөктері үлкен құрылысқа жарамсыз екені, әрі оның соңы техногендік сипаттағы көшкіндерге әкелуі мүмкін екенін төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше рет айтып, ескертті. Сондықтан жер беруге тыйым салу керек.