Өскеменде бүлдіршінге ерекше операция жасалды

Дертіне шипа іздеп Астана мен Алматы арасында 2,5 жыл сабылған бүлдіршінге, Өскеменде операция жасалды.

4 жастағы Ерасыл бүйрегіндегі тастың кесірінен ұзақ қиналыпты. Еліміздегі екі ірі қаладан тасты ұсақтап алып тастайтын аппарат табылмаған. Сондықтан ол зәр шығару жүйесіне қарай жылжып, жыныс мүшесіне түсіп кеткен. Сөйтіп ауру асқынып, баланың, кіші дәреті мүлдем жүрмей қалған. Ақыры Астаналық мамандар оларды Өскеменге жіберді. Жергілікті дәрігерлер Германиядан әкелінген лазерлік аппаратпен, операцияны сәтті аяқтады.

Арайлым Тилаева, Ерасылдың анасы:

- Тасының бәрін​ видеодан көрсетіп қалай алғанын бәрін, қуанғаннан жылап жібере жаздадым әне жерде енді екі жыл қиналды ғой балам енді бармаған жеріміз жоқ, рахмет дегім келеді енді осы Өскемен қаласына келіп операцияны сәтті өткізіп, Алматы Астана жасамаған операция да.Қуаныштымын.

Рауан Жакупов, «Ана мен бала» орталығының балалар хирургі:

- Барлығы сәтті өтті тасын үгітіп алып, өзіміздің​ лазер ауригио L-200 деп аталады, Германия аппаратпен сол апаратмен алып тастадық тасты. Талай баланың тастарын алып жатырмыз енді-енді шеттен кеп жатыр, Алматыдан бір бала келіп кеткен алдында міне Астанадан кеп жатыр, Семейден келеді.