Алматыда қоғамдық қордың көмегімен 22 әйел өзінің жеке ісін ашты

Алматыда қоғамдық қордың көмегімен 22 әйел өзінің жеке ісін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әйелдер әйелдерге» деп аталатын  әлеуметтік жобаның арқасында ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына арнайы курс оқытып, кәсіп ашуға жағдай жасалған. Сондай-ақ жұмысқа тұрғызылды. 3 ай бойы оларға заңгерлер мен психологтар кеңес беріп, бизнес иелері шеберлік сабақтарын өткізді. 

Салтанат Дүйсенбекова, жоба қатысушысы:

- Әрбір ана өзінің бизнес жобасын жасап алып келді. Сессия кезінде оның бірқатары өзгеріп кетті. Мен үшін де дәл солай болды. Өзімнің мүмкіндігімді зерделей отырып, әшекей бұйымдар жасаймын деп шештім. Біз үшін ең маңыздысы – қолдау. Әсіресе біз сияқты аналарға дер едім. Басым бөлігі  бала қарап үйде отырып қалған. Іс бастаудан қорқады. Ал осы жоба сенім ұялатты. Біз де өз тарапымыздан қолымыздан іс келетінін дәлелдедік.