Қорғаныс министрі Петропавл мен Щучинск гарнизондарында болды

Қорғаныс министрі Петропавл, Щучинск гарнизондарында болды.

Сапар барысында байланыс және радиоэлектронды күрес құралдарын жеткізу мен жөндеуді жүзеге асыратын зауыттың жұмысымен танысты. Сонымен қатар Щучинск қаласындағы Қорғаныс министрлігінің кіші командирлерді даярлау бойынша білім беретін әскери колледж кадеттерімен кездесті. Олардың тұрмыс жағдайын, сондай-ақ болашақ командирлерді толыққанды кәсіби даярлау үшін қажетті оқу-материалдық базаны және арнайы сыныптарды көрді.