Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Оған Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарымен қоса облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 96 кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкеде жалпы құны 70 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері саудаланды. Оның ішінде, 25 тоннаға жуық ет, 125 мың данадан астам жұмыртқа, 17 тоннаға тарта көкөніс пен 6 тоннадан астам сүт өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Жалпы есепте 40-тан астам өнім түрі саудаланды. Ал жергілікті тұрғындар осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылғанына дән риза.

Ғалымбек Досмағанбетов, қала тұрғыны:

- Жәрмеңкеге келіп тұрамыз. Мында төмен баға ұсынылған. Ет, жұмыртқа, қаймақ үйдін. Соларды алып жатырмыз.

Самал Тілеубекова, кәсіпкер:

- Таңертен алтыдан келдік. Етіміз жақсы өтіп жатыр. Бәрі халықтың арқасы ғой.