«АрселорМиттал Теміртау» 1 млрд 200 млн теңге айыппұл төлейді

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тағы 1 млрд 200 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Металлургиялық комбинат мемлекетке салықты аз төлеу үшін аванстық төлемдерді қасақана төмендеткен. Мұны облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті анықтады. Бұл 2019 жылы болған жағдай. Кейін салық қызметкерлері корпоративті табыс салығының сомасы аванстық төлемдерден 20% жоғары болғанын дәлелдеген. Ал сот комбинатты ел бюджетіне түспей қалған 1 млрд 200 млн теңгені өтеуді міндеттеді. «АрселорМиттал» 2017 жылы да дәл осылай заң бұзған. Сөйтіп, осы екі мәселе бойынша айып мөлшері 2,5 млрд теңгеден асып жығылды.