Ақтөбеде көлік салығын төлемегендер іздестіріліп жатыр

Жалтарып жүргендердің арасында тұрмысы тым тәуір, қымбат көлік мінгендері де бар. 

Полиция мен жеке сот орындаушылары оларға қатаң шара қолдануды бастады. Борышкерлерді ұстау үшін қала көшелеріне «Ураган» көлігі шықты. Автоматтандырылған жүйе салықтан жалтарғандарды тез анықтайды. Қарыз жедел өтелмесе, темір тұлпар автотұраққа қойылады. Бұдан өзге сот берешегі бар азаматтардың жылжымайтын мүлкін де тәркілейді. Жыл басынан бері құзырлы органға жалпы сомасы 136 млн теңгеден асатын,  3 300 құжат түскен. Әзірге 43 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді. 

Ботагөз Әшірбекова,  жеке сот орындаушысы:

- Сот орындаушылар апта сайын борышкерлердің мекен-жайларын тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. Егер тұрған жағдайда борышкердің мүлкі есептеліп, сол жерде мүлкіне тәркілеу жұмыстары жүргізіледі. "Атқарушы іс жүргізу" заңының 32,33,34-баптарына сәйкес, борышкердің атына тіркелген ағымдағы банктік есеп-шоттарына тыйым салынады.