Петропавлда жылу орталығына айыппұл салынды

Петропавлдағы екінші жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынды.

Прокурорлар кәсіпорындағы өлшеу құралдары 4 ай бойы тиісті тексерістен өтпегенін анықтады. Тәртіп бойынша энергетикалық нысандағы барлық технологиялық процес көрсеткіштері, міндетті түрде тіркеліп, өлшенуі тиіс. Заңға сәйкес, бұл олқылық үшін 5 млн 520 мың теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Дегенмен, кәсіпорын басшылығы кінәсін мойындағандықтан айыппұлдың жартысын төледі.