Қазақстандық ортопед-дәрігерлер «туа біткен жалған буын» ауруын емдей алады

Қазақстандық ортопед-дәрігерлер «туа біткен жалған буын» ауруын емдей алады.

Қазір балаларға осындай операция түрін жасауды меңгеріп жатыр.  Елордадағы номері екінші Балалар ауруханасындағы ақ халаттылар, мұндай сирек кездесетін ауруды емдеуде «телескопиялық түйреуіштерді» қолданады. "Жалпы, қазір елде осы паталогиямен 33 бала ауырады. Оларға күрделі операция жасау үшін өзге елдерден тәжірибелі мамандарды арнайы шақырттық", -дейді дәрігер Ағабек Чикинаев.

Ағабек Чикинаев, ортопедия бөлімінің меңгерушісі:

- Туғаннан бастап балдар қиналады. Емделуі сирек кездесетін ауру. Ем түрі өте қиын жасалады. Оған темірлер керек. Бүгінгі күні біз шақырдық профессорды, Москвадан Константин Владимирович деген. Сол келіп бізге үйретіп жатыр, екінші рет келуі. Мамыр айында келгенде кішкентай балдарға көмек бергенбіз.