Екібастұз қаласында жылыту маусымына дайындық басталды

Қазір гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылу желілерін тексеру кезінде 100-ден аса ақау табылған. Биыл қала ішінде 40 шақырым жылу құбырлары   жаңартылады. Әрбір учаске бойынша кешенді жоспар әзірленген. Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын маусым айының ортасына дейін аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ көпқабатты үйлерді қыс мезгіліне дайындау ісі қатар жүргізіледі.

Бүгінгі таңда 184 үйде жылуға қатысты проблема анықталған. Қазір 25 бригада, шамамен 135 адам жұмысқа кірісті.

Бақытжан Қасымов, мердігер компанияның бас директоры:

- Қазір магистральдық және кварталішілік желілерде апаттық учаскелер анықталып жатыр. Олар әртүрлі сипатта деуге болады. Құбыр жарылған жерге жылуға жауапты сала мамандарымен бірге шығамыз. Әзірге 25 учаскеде ақаулар жойылды.