Павлодар облысындағы Ленинский кентінің атауы ауысуы мүмкін

Жергілікті жұрт дерлік дауыс беріп, «Атамекен» деп атауды ұйғарыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кент атауын ауыстыруға қатысты жиынға бас-аяғы 50-дей адам жиылған. Ендігі сөз ономастикалық комииссияда. Егер қолдау тауып жатса, юстиция тіркейтін болады. Ал кент әкімі бұған ешқандай бюджет қаражаты шығын болмайтынын айтады. Қажет болса демеушілер арқылы жасалады.