Үкіметте көппәтерлі тұрғын үйді басқару мәселелері қаралды

Елімізде 54 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 3 жылда 45 мыңнан астам мүлік иелері бірлестіктері көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшті. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, осы мәселе талқыланды. Онда көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстар қаралды. Яғни бұл тұрғындарға сапалы әрі ашық қызмет көрсетуге септігін тигізеді.