СҚО-да «Петропавл – Жезқазған» бағытындағы жолдың сапасы сын көтермейді

Бірақ республикалық маңызға ие автожолды жөндеу жұмыстары қазір басталды.

Бұл Петропавл – Жезқазған бағытындағы республикалық маңызы бар трасса. Өңірде ол бес бірдей ауданды байластырады. Ұзындығы -359 шақырым. Соңғы рет мұнда 2016 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шаруалар уақытылы атқарылмаған соң, халық жол азабын тартып отыр.

Қази Оспанов, жүргізуші:

- Біздің жақ вообще жүруге невозможно. Ана Сергеевка мен Николаевканың екі ортасы, енді мына жерді өздерінің кқріп отырсыздар ғой. Жолды не деп мақтауға болады? Ақша төлейміз, барлығын береміз.

Петр Симонов, жүргізуші:

- Жүру мүмкін емес. Жолдың мұндай күйге түсуіне ауа-райы себеп деп ойлаймын. Өйткені қысқа қар аз, әрі аяз. Салдарынан асфальт жарылып, ойылып қалды.

Көктем келісімен жол тіптен нашарлап кетті. Асфальт шұрық-тесікке айналып, жұрт әбден мезі болған. Сапасы сын көтермейтін трассада ереже бұзатындар да көбейді.

Трассаның жағдайын осындай көріністерден де айқын аңғаруға болады. Тіпті кейбірі қарсы бағытқа шығып кетеді. Кейбірі жолдың жиегімен қатынайды. Осылайша жүргізушілер жол ережесін бұзуға мәжбүр»

Жауаптылардың айтуынша проблемалық учаскелерлерде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып отыр. Жалпы осы жылы аймақта республикалық жолдардың 102 шақырымы тегістеледі. 

Қанат Өсербаев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ СҚОФ басшысының орынбасары:

- Биыл 51 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүрігізіледі.  Яғни Сергеевка қаласынан Николаевка елді –мекеніне дейінгі аралық қайта қалып келтірілетін болады. Екі мердігер жұмысқа кірісті.

Облыста республикалық жолдардың жалпы ұзындығы - 1970 шақырымды құрайды. Ал оның 19% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков