Қ. Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды.

Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин болды. Сондай-ақ Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян да парадқа қатысты.