Талдықорғанда екі жүзге жуық көше жөнделеді

Талдықорған қаласында биыл жол жөндеу жұмыстарына 6,1 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаржыға 182 көше жөнделеді. Оның жалпы ұзындығы 89 шақырым. Бір айта кетерлігі, 8, 9-шағын аудан мен «Жастар – 1», «Солтүстік-Батыс» ықшам аудандарына жаңа жолдар төселеді. 26 көше күрделі жөндеуден, 78 көше орташа жөндеуден өтеді. Өтенай, Мойнақ, Еңбек ауылдарындағы жолдар жасалады. Бір ғана Өтенайдың өзінде 7 көше жөнделмекші. Облыс орталығы Талдықорғанда Пугачев, Матросов, Ойжайлау, Тынышпаев, Мәдениет көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүреді.

«Құрылысы басталып, аяқсыз қалған Сланов пен Хан Тәңірі көшелері бойынша сот процесі өтіп жатыр. Ол жолдар биыл міндетті түрде пайдалануға беріледі», – дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.

Саяжай аумақтары да назардан тыс қалмайды.

Қанат Хамитжанов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

- Сонымен бірге Үйтас, Мерекелік, Шайқорған және Плодопитомник дачаларын қамтып отырмыз. Әрқайсысында 4-5 көшеден орташа жөндеу жұмыстары. Қазіргі уақытта негіздемелері дайындалды. Ескі жаңағы асфальт жабындысы толығымен алынып, келесі аптадан бастап асфальт жұмыстарына кірісетін болады.