Түркістан облысында мәжілісмендер шаруалармен кездесті

Елдегі жылыжайдың 70 пайыздан астамы орналасқан Сарыағаш ауданында биыл көкөністің бағасы арзандамай тұр.

Себебі шығын көп дейді  шаруалар. Көкөніс өсіруге мемлекет тарапынан субсидия бөлінбейді. Минералды тыңайтқыштар мен селитра қымбат. Оның үстіне биыл қыста көмір таппай, өнімді үсік шалды. Қатты отынның мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондықтан қазір диқандардың алдында «екінші өнімді егеміз бе, екпейміз бе» деген сұрақ тұр. Түркістандық шаруалар елордадан келген мәжілісмендерге осылай деп базынасын айтты. Түйткілдерді шешуге депутаттар атсалысатын болды. Сондай-ақ, оңтүстіктегі диқандар үшін қазір ағын су қат. Себебі каналдарды жөндеуге мемлекеттен миллиардтаған қаржы бөлінгенімен егістікке су жетпей жатыр. 

Бақытжан Серманиязов, Шардара ауданының тұрғыны:  

- Мынау бізде Жаушықұм ауылында 12 мың гектар жерді игеруге канал салу жобасы қаралды. 10 млрд 700 млн теңге бөлінген былтыр. Соны мердігер ұтып алған. И бір жылдан бері істеп жатқан жұмысы нөл де, нөл.

Болатбек Нәжметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің мақсатымыз миссиямыз осы жергілікті жерді тыңдау. Жергілікті жерде тыңдағанда әкімдікке көмектесу. Орталықтағы мемлекеттік органдардың түгел бәрін айтып мына жерде сендердің істегендерің дұрыс емес екен, мыналарды осындай ғып шешу жолдары бар екен, қайтадан қараңдар деген ұсыныстарды енгізуіміз керек. Ал енді оларды енгізбесе онда біз оны Үкімет басшысынан талап етеміз.