Алматыда жануарлар жанашырлары жиын ұйымдастырды

Қаңғыбас иттерді атқанмен, саны азаймайды.

Мектептерде жануарларға мейірімділікпен қарау сабағы өткізілуі тиіс. 14 мамыр күні Алматыда осындай ұранды ту еткен жануарлар жанашырлары жиын ұйымдастырды. Шараға 400-дей адам қатысты. Белсенділердің айтуынша, жергілік билік жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды ескермейді. Елде қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Бірақ өңірлерде аулау жұмыстарының орнына ату әрекеттері жасалады екен. Жануарларға көңіл аудару шарасы Алматыдан өзге Ақтау мен Ақтөбеде де өтті.

Жанна Мамашева, жануарлар жанашыры:

- 35 млн ақша шығарылса, Жамбыл облысында биыл 55 млн. Көріп тұрсыздар, сол бюджет бір жылда 20 млн-ға өсті. Ал бірақ жұмыстың нәтижесі қайда? Елдің арыздары бітпей жатыр, далада иттер көп. Ол не деген сөз? Ол жұмыс жоқ деген нәрсе.