Алматы облысында балық өңдейтін 2 кәсіпорын салынады

Алдағы екі жылда Алматы облысында балық өңдейтін екі ірі кәсіпорын салынады.

Халықтың балыққа деген сұранысы да жыл сайын артып келеді. Бұл салада кәсіп бастап жатқандар да бар. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруашылықта, хан-балықты өсіру, жасанды жағдайда қалай жетілдіру жөнінде, арнайы оқу семинары өткізіледі.

Таудың өзен, суы ханбалықтың табиғи мекені. Таудан аққан өзенде мекендейтін бұл балықтың түрі де, еті де ерекше. Бұл серіктестік балық шарушылығымен он жылдан бері айналысады. Мол тәжірибе жеткілікті. Бұл салада іс бастағысы келгендерге кәсіпкерлік дәрісін өткізеді.  Оқу курсында ханбалықтың анатомиясынан бастап, жейтін қорегі, иммунитеті, шабақтан табаққа дейін өсіріп, өндіру процесі айтылады.

Ерлан Кегенов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы:

- Форель таулы аймақтарда, суық суда өседі. Қазіргі заманда таулы аймақтарда емес, жер асты суымен өсіріп жатқан балалар бар. Түріксінда да өсіріп жатыр. Әртүрлі жерде. Оның барлығы условиесіне, температурасына байланысты. Жасанды жағдайда әр жерде жасауға болады.

Өткен жылы бұл шаруашылық 300 тонна балық өндірген. Шабақты негізінен шетелден сатып алады. Өйткені, елімізде уылдырық өсіретін арнайы кәсіпорын аз. Шабаққа жұмсалған 100 млн.теңгенің тең жартысын мемлекет субсидия ретінде өтеген. Бірақ, шаруалар фермерлерге субсидияның уақытылы  берілмейтінін айтады.

Мәрлен Тұрсынәлі, шаруашылық басшысы:

- Бірақ, әлі де мемлекеттік қолдауға көмек етеміз. Мысалға бізде былтырғы күтілген инвест. субсидиялар қағаз жүзінде бар. Уақытылы бөлінбей жатыр. Керек кезінде бөлінбейді. Оны қыста береді. Ол субсидиямен біз ешнәрсе істей алмаймыз. Ол біздің расходтарымызды жауып, дамуға жұмсалу керек та.

Еңбекшіқазақ ауданында 6 балық шаруашығы бар. Олар жылына 419 тонна тауарлы балықты өндіріп жатыр.

Ермек Жакеев, Еңбекшіқазақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Биыл 2023 жылы бізде жоспар бойынша тағы да төрт шаруашылық ашылайын деп жатыр. Солар ашылып, өнімдері қосылғаннан кейін жылдың аяғына дейін жалпы өндірілген балықтың көлемі 1200 тонна өндіріледі деп күтілуде.

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде 2030 жылға дейін 300 мың тонна тауарлы балық өндіру жоспарланған. Арнайы бағдарлама бар. Алдағы уақытта Алматы облысында қуаттылығы жылына 10 мың тонна балық өсіретін инновациялық кешен салу жоспарланып отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев