Қаржылық пирамида құрғандардың ісі сотта қаралып жатыр

Талдықорған қаласында қаржылық пирамида құрғандардың ісі сотта қаралып жатыр.

Күдікті аты шулы QNET компаниясын насихаттап, жұрттың 220 млн теңгесін алып, сан соқтырған. Күдікті қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 
- Талдықорған қаласында QNET қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды.