Петропавлда балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысты

Петропавлдық құтқарушылар балаларға арнап техникалар көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың кішкентай тұрғындары күні бойы өрт сөндіру, құтқару машиналары мен қайыққа мініп мәз. Кейбіреуі тіпті мамандардың қызметтік киімдерін киіп, құралдарын ұстап көріп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қонақтар арасында түрлі ойын ойнатып, жеңімпаздарға сыйлық таратты. Иісшіл иттер де кішкентайларға өз өнерін көрсетті.        

Ризабек Темірбеков, облыстық ТЖД басқармасының офицері

- Осы іс-шара балаларға қызық болып жатыр. Балалар осы өрт сөндіру техникасымен танысып жатыр. Фотоға түсіп, осы жедел-құтқару жасағының қызметкерлерінің құралдарымен ұстап көріп, танысып, киіп осы каскаларын, өрт сөндірудің қалың өртке арналған киімін киіп, танып жатыр.