Жаһандық мәселелер Астанада талқыланады

Әлем елдері жаңа сын-қатерлерге тап болды.

Әсіресе соңғы жылдағы геосаяси тұрақсыздық мемлекеттер арасындағы қақтығысқа бірлесіп қалай жауап бере аламыз? Осы тұрғыдан алғанда Астана халықаралық форумының маңызы өте зор. Вашингтондағы Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтының халықаралық қатынастар жөніндегі профессоры Себастьян Пейруз осылай дейді. Оның сөзінше Ресей мен Украина қақтығысы алыстағы елдерді қойып, іргедегі көршілеріне де әсер ете бастады. Бұл мәселеде бірлесіп әрекет ету маңызды.

Себастьян Пейруз, Эллиот халықаралық қатынастар мектебінің профессоры:
- Менің ойымша, қазір әлемде көп нәрсе күрт өзгеріп жатқан кезде өте маңызды форум болады. Пікір алмасатын білікті сарапшыларды тарту, оларға арнайы алаң ұсыну дәл қазір керек дүние. Өйткені біз өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауымыз керек. Қиындықтарға қалай қарсы тұрамыз, оларға қалай жауап берген дұрыс деген сияқты өзекті тақырыптар қаралады.