Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

Жыл соңына дейін қала бойынша 30 көпқабатты үй пайдалануға беріледі.

Қазір жаңадан бой көтерген «Талғайраң» ықшам ауданында мың пәтерлі 21 көпқабатты үй салынып жатыр. Тұрғын үй кешенінің негізгі жұмысы аяқталып, электр желісі, газ, су құбырлары тартыла бастады. Сонымен бірге жаңа ықшам ауданда мектеп пен балабақша бой көтеріп келеді. Қазір Атырау қаласы бойынша 20 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр. Коронавирус пандемиясы салдарынан аяқсып қалған тұрғын үй құрылысы биыл қайта жанданып, баспана кезегі жылжи бастады.

Рафхат Жолдиев, қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі:
- Жалпы қала бойынша тағы да қосымша «Береке» ықшамауданынан 3 үй, «Самал» ықшам ауданынан 4 үй барлығы 1,5 мың пәтерді осы жылдың аяғына дейін тапсыру жоспарланып отыр.  Бұл үйлер кезекте тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы несиелік мақсатта берілетін болады. Әртүлі санаттағы адамдарға, жұмыс жасайтын адамдарға беріледі кезектеріне сәйкес.