Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары

Өйткені жел баяу соғып тұр.

Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. Осыған байланысты синоптиктер мен экологтар тұрғындарды сыртқа шықпауға, ал шыққан жағдайда далада ұзақ жүрмеуге шақырады. Әсіресе, көлік көп жүретін көшелер мен зауыт-фабрикалар орналасқан аумақта тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында бетті медициналық бетпердемен тұмшалап жүрген жөн.