Жамбыл облысында егін жинау науқаны басталды

Жамбыл облысының 8 ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруалар масақты дәнді дақылға орақ салған. Әр гектардың шығымы 12 центнерден өнім алып жатыр. Бұл былтырға қарағанда 5 центнерге аз. Мамандар мұның себебін қуаңшылықпен байланыстырады. Әрі суармалы судың тапшылығы, жауынның аз түсуі астық көлемін біршама төмендеткен. Өңір диқандары 35 мың тонна күздік бидай мен жаздық арпаны қамбаға құйды.

Шәкір Момынқұлов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 770 мың гектардан аса ауылшарушылық дақылдары орналастырылды. Қазіргі таңда 29 мың гектардан астам алқап орылып отыр. Енді жинау маусымын тамыздың бірінші 10 күндігінде бітіру жоспарланып отыр.