Жетісу облысының бюджетінен ₸16,5 млрд қолды болған

Прокурорлар осы дерек бойынша 5 бірдей қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 15 күдікті қамауда. Былтыр да дәл осылай қазына қаражатынан шенеуніктер 420 миллион теңге ұрлаған еді. Осы күнге дейін 5 адамға қатысты сот үкімі шығып, мемлекетке 230 миллионнан астам теңге қайтарылды.

Бұдан бөлек, Талдықорғанда котедж қалашығын салу кезінде бюджеттің жарты миллиард теңгесін жымқырғандар да ұсталған.

Мадияр Басшыбаев, облыс прокуроры:

- Біраз мемлекеттік қызметкерлер қамауға алынып, қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Әлі тағы да қатысы бар азаматтар анықталады. Осы қылмыстық әрекетке әр қатысы бар азамат тиісті жауапкершілікке тартылады.