Алматы облысында Қымызмұрындық мерекесі тойланды

Алматы облысы, Кеген ауданында «Қымызмұрындық» мерекесі тойланды. 

Мыңжылқы жайлауында ұлттық сусын дәріптеліп халыққа тегін таратылды. Таудың етегіндегі жазиралы жайлауға алыс-жақыннан адам көп жиналды. Мерекелік шара аясында ауылшаруашылық көрмесі өтті. Шаруалар мен шопандар жетістіктерін көрсетті. Сонымен бірге ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілкке таныстырылды. Ауданның дамуына еңбегі сіңген белсенді, еңбекқор азаматтар марапатталды. Отандық әншілердің қатысуымен концерт те өтті. Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Айнұр Халыққызы, Кеген ауданының тұрғыны:

- Бүгін той болып жатыр.Бүкіл халыққа қымызды тегін тарқатттық.Қазір сауып келдім, ішуге болады қазір. «Өзіміздің қазақи қымызымызды ішсе болады. Іш құрылысқа бәріне ем.

Кәдірбек Құныпияұлы, Кеген ауданының тұрғыны:

- Жалпы халық разы.Осылай ары қарай жалғасын тапса екен дейді. Бүгін осы жерде Қарқара жайлауында жақсы жалғасын тапты.