Жастар биылғы жолдаудың бағыттарын бағамдады

Президенттің жыл сайынғы жолдаулары жастардың жаңа даму бағыттарын айқындайды.

Ал ондағы міндеттер болашақта туындауы мүмкін қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді. "Медицина жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері осындай пікірде. Экология мәселелеріне алаңдаушылық білдірген бірлестік төрағасы, жаңа ведомство біраз түйіткілдің шемімін табатынына сенімді.

Абылайхан Әбдірәш, "Медицина жастары" РҚБ төрағасы:

- Жастарға, әсіресе, экономикаға, экологияға назар салып отыр. Оның ішінде өзіме ұнағаны экология мәселесі. Әсіресе, мынау жалпы экология министрлігінен маңызды су ресурстарын бөліп шығарып,  оған арнайы акцент қоюы - ол өте көрегенділік деп білемін. Себебі, қазіргі ғалымдардың пайымдауы бойынша. 25-20 жылдан кейін судың өте қатты тапшылығы болады деп болжануда.