Қызылжарлық ұстаз 6 жұрттың тілін біледі

Ал қызылжарлық ұстаз 6 жұрттың тілін біледі.

Чинара Асланова туған әзербайжан тілінен басқа қазақша, түрікше, ағылшынша, немісше, орысша емін-еркін сөйлейді.

«Бұл менің осы халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетін тануға мүмкіндік берді», - дейді полиглот.

Чинара Асланованың мамандығы мұғалім. Ол шет тілдеріне жастайынан құмар болып өсті. Қазір әзірбайжан, қазақ, түрік, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде сөйлейді. 

Чинара Асланова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

- 2 тілді мектепте үйрендім, 2 тілді университетте үйрендім, 2 тілді ата – анам маған үйретті. Тілдерді білу өте жақсы. Егер адам өзін құрметтейді ол басқа тілдерді де сөйлеседі. Қазақ тілінде сөйлесу әрбір азаматтың парызы. Себебі біз қазақ елінде тұрамыз.

Чинара Асланова Әзербайжанда туған. Төрт жасында Қазақстанға көшіп келді. Қазір Петропавлдағы өзі түлеп ұшқан мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Әріптестері оның оқушы кезден алғыр болғанын айтады.

Бақшагүл Нығметова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Қазақ тілімен о кезде терең айналыса бастады. Сол жылдары әрп жыл сайын 5 – інші сыныптан бастап 11 – інші сыныпқа дейін қазақ тілі пәнінен өткізілген олимпиадаларға, сайыстарға, конкурстарға жиі қатысып отыратын. Және де жай қатыспай, міндетті түрде жүлделі орындарды әкеліп тұрды.

Мектеп мұғалімі мұнымен шектеліп қалмақ емес. Енді ол білім көкжиегін кеңейтіп, француз тілін меңгеруді мақсат етеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков