«Саламатты Қазақстан» пойызы батыс қазақстандықтарға жан-жақты медициналық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» пойызы батыс қазақстандықтарға жан-жақты медициналық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» пойызы өткен аптаның аяғынан бері батыс қазақстандықтарға жан-жақты медициналық көмек көрсетіп келеді.

Дәрігерлерді бүгін Перемётное ауылының тұрғындары қарсы алды. Мамандар  қазанға дейін 8 станцияға аялдамақ. Олар кішігірім операцияларды вагон ішінде жасай береді. Ал жарақат немесе инсульт алғандарды үйіне барып қарайды. Қатерлі аурулар анықталып жатса, тиісті мәліметтер жергілікті ауруханаларға жіберіледі. Бұған дейін медициналық  пойыз  Қазақстанның 13 өңірінде болып, 50 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Биылғы ерекшелік - пойыз құрамына білікті заңгерлер мен кәсіби медиаторлардың қосылуы. Олар тұрғындарға құқықтық кеңес береді.

Әлия Борашева, кәсіби медиатор:

- БҚО бойынша Семиглавый Мар, Тасқала, Деркөл үш бекет бойынша 300-ге жуық адамға құқықтық-медиативтік көмек көрсетілді. Көбіне қоятын сауалдар кредитті төлемеу, алимент жөнінде сұрақтар. Жер мәселесі,  мұрагерлік, сосын отбасындағы болатын жанжалдар, интернет алаяқтық жөнінде де көп сауалдар қойылып жатты.  

Күмісқаным Берекетова, Переметное ауылының тұрғыны:

- Пойызға өте ризамыз. Себебі бұл пойыз ішінде әртүрлі дәрігерлер келді. Өте жоғары жағдайда бізді емдейтін, қарайтын, ақылын айтатын деген сияқты. Біз өзіміз әрине үлкейген сайын ауру көп пайда болады. Сондықтан қазір пойызға келгесін үміттеніп, денсаулығымызды тексертейін деп келдік.