1 қазан – Қарттар күні

Бүгін – қарттар күні. Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі.

Мерекелі датаға халықаралық мәртебе Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында берілген. Жылдағы дәстүрмен 1 қазан күні дүниенің әр бұрышында қарттарға сый-құрмет көрсетіліп, алдыңғы ұрпақтың қоғамдағы рөлі, кейінгі ұрпаққа берер үлгі-өнегесі насихатталады.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 2 млн 305 мыңнан астам зейнеткер бар. Сондай-ақ Қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек көрсетілді.