Елімізде омикронның жаңа түрі тарала бастады

Елімізде омикрон штамының «эрис» деген түрі  таралып жатыр.

Короновирустың бұл штамы біздің елде қыркүйек айында тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бір аптада 100-ден астам адам осы вирусты жұқтырғаны анықталған. Қазір 35 адам емделіп жатыр. Бірақ бұл штамм бұрынғыларына қарағанда жеңіл өтеді. Ал күз басталғалы бері кәдімгі тұмаудың бірде-бір түрі тіркелмеген. Сондай-ақ биыл тұмауға қарсы 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазір барлық ел мен аймақта «Омикронның» жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутациялар пайда болады, ай сайын ДДҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді. Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді, ауру кезеңі қысқарады, орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық емдеуде жатыр. Бұл – қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар.