Оралда жолақысы қымбаттауы мүмкін

Баға бұған дейін 80 теңге болса, енді 120 теңгеге көтерілуі ықтимал.

Қалада жолаушы тасымалымен 6 компания айналысады. Кейінгі жылдары жолақыны төлеу электрондық жүйеге көшірілді.  Тасымалдаушыларға биыл 5 миллиард 385 миллион теңге субсидия төленеді.  Кәсіпорындар болса,  шығынын жаба алмай отыр, - дейді Орал басшылығы. Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері бұл бастаманы бірден қолдаған жоқ. Мәселе қалалық мәслихатта қаралады. Тариф бекітілген жағдайда жеті жасқа дейінгі балалар, Алтын және Күміс алқа иелері мен бірінші топтағы мүгедектегі бар адамдар тегін жүреді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне автобуспен қатынау - ақысыз. Дегенмен жасы біразға келген арадагерлердің қоғамдық көлікті пайдалануы екіталай. Сондықтан, дәл осы бастама тұрғындардың наразылығын тудырды.

Асхат Көлбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Егер жолақыны көтерсек,  алдағы 5 жылда автобус паркін толық жаңартып, қызмет көрсету сапасын арттырамыз, маршруттардағы автобус санын көбейтеміз. Ескі тариф шығындарды жаппайды. Жолақы қазіргіше қалатын болса, субсидия көлемін көбейтуге мәжбүрміз. Тағы қосымша 2 миллиард теңге керек. Ал ондай қаржы бюджетте тапшы.

Закир Хамзин, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Мен қарсы болдым, себебі келтірген сандары, қағаздары көңілден шықпады. Біраз санды көрсеткен, бірақ керек санды көрсетпеген. Тасымалдаушылардың қанша табыстары бар екенін. Айтылып келе жатқаи әңгіме, келесі жылдан бәрі жақсы болады, кезек болмайды деген. Қалай автобуста адамдар сыймай жүрді, әлі солай сыймай жүр, қалай автобустар жаңарған жоқ, дәл солай жүр.