Бірлікке үндеген «Бір Ел» жастар жобасы өтті

Еліміздің белсенді жастары «Бір Ел» тарихи-ағартушылық жобасында бас қосты.

Аталған жоба өткен жылы ұлт ұясы Ұлытау төрінен бастау алып, биыл киелі Түркістан облысында жалғасты. Жобаға қатысушылар үшін әуелі тарихи жерлерге көшпелі экспедиция ұйымдастырылды. Шара аясында жастардың білім көкжиегін кеңейтетін пікірталастар, көшбасшылық қабілеттерін арттыратын шеберлік сабақтары мен интеллектуалды ойындар өткізілді. Арнайы шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар жиналған жастарға төл тарихымызды тереңнен танытатын дәрістер оқып, еліміздегі ынтымақ пен татулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі жастар олар әртүрлі. Әртүрлі этнос өкілдері болып табылады. Біз әртүрліміз, бірақ принципіміз, идеямыз біреу. Ол біздің еліміздің болашағы. Тәуелсіздігі мен Егенмдігі. Осыны жүзеге асыратын, қалыптастыратын, қамтамасыз ететін – жастарымыз.