Елімізде теңіз порттарының өткізу қабілеттілігі 30 млн тоннаға жеткізіледі

Қазақстан теңіз порттары арқылы жүк тасымалының көлемін жылына 30 млн тоннаға жеткізуді көздейді.

Ол үшін кешенді шаралар пысықталып, жүзеге аса бастады. Мамандар алдымен, теңіз түбін тереңдету қажет, - дейді. Құрыс портында тереңдету жұмыстары биыл басталып, келер жылдың ортасында аяқталады. Ал 2024-2025 жылдары Ақтау портында теңіз түбі тереңдетіледі. Инфрақұрылымдық жобаларға 300 млн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Нәтижесінде, сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар салынады. Құрық портында қуаттылығы 1 млн тонналық бидай терминалы осы жылдың соңына дейін ашылады. Теңіз флотын дамыту аясында қосымша 10 кеме құрастырылып, бұл да,, сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілеттігіні 20 млн тоннадан асады.

Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі су көлігі басқармасының басшысы:

- Транскаспий бағытының бүгінгі күнгі өзектілігі барлықтарыңызға мәлім. Әзербайжан, Грузия, Турция елдерімен бүгінгі күні белсенді жұмыс атқарылуда. Алдыңғы жылы қол қойлыған жол картасы бойынша. // 2027 жылға дейін жол карта бекітілді. Соның аясында жүктердің көлемін бес есе арттыру күтілуде.