Германиядан Қазақстандық күдіктіні экстрадициялады

Германияға із суытқан қазақстандық елге жеткізілді.

Ол құмар ойын бизнесін жүргізіп, салық төлеуден жалтарған. 2014-2019 жылдар аралығында халықаралық іздеуде жүрген. Мемлекетке келген шығын көлемі 86 млрд теңгеден асады. Бұл әйел Германия аумағында биыл мамыр айында ұсталған. Енді Астананың тергеу абақтысына қамалды. Сот ісі аяқталса мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға тиіс.