Петропавлда полицейлер 2 адамды өрттен құтқарды

Петропавлдық полицейлер зейнеткерлерді ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көшеде кезекшілікте жүрген Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев жер үйлердің бірінен түтін шығып жатқанын байқап, дереу сол маңға жетеді. Олар құтқарушылар келгенше үйдің ішінен 2 адамды алып шыққан.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің болжамы бойынша, от электр желілерінің тұйықталуынан тұтанған.

Жәнібек Әнуарбеков, қалалық полиция басқармасы патрульдік  қызметінің инспекторы:

- Бірден Төтенше жағдайлар қызметіне хабар бердік. Оқиға орнына 3 құтқару экипажы келді. Ал біз Қанат Балтабаев екеуміз 70 және 71 жастағы ата мен әжені далаға алып шықтық.