СҚО-да мемлекет 97 мың тонна бидайды сатып алады

Солтүстік Қазақстан облысында төмен сұрыпты 97 мың тонна бидайды мемлекет сатып алады.

Күзде егіс науқанында толассыз жауған жаңбыр астық сапасына әсер етті. Шаруалар шығынының бір бөлігін жабу үшін   үшінші, төртінші және бесінші класстағы бидайдың бағасы белгіленді. Мемлекеттік комиссия шешімімен, үшінші класстағы бидай 120 мың теңгеден, төртінші класс 105 мың теңгеге бағаланып отыр. Биыл еліміз бойынша 14 млн тонна астық жиналса, соның 5,5 млн тоннасының сапасы өте төмен. Нақтырақ айтқанда ешқандай класқа жатпайды.

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Төртінші, бесінші класс фуражное зерно ғой ол енді. Непрдовольственный бидай деп жатырмыз. Оның бағасын беріп жатқан, мемелкеттік комиссия, 105 мың теңге и 90 мың теңге бесінші класс. Қазір рынокта, одан енді төртінші классты айтып жатырмыз. Мемлекет бағасы 105 мың теңге болатын болса, қазір рынокта 70-75 мың теңге. Ал бесінші классты бидайдың бағасы 40-45 мың теңге.  Мемелкет басағымен бидайды сатып, берешектерді расчет жасауға ыңғайлы деп ойлаймын. 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы: «Ешқандай класқа жатпайтын бидайды Пәкістанға, тіпті Африка елдеріне сатамыз»,- деп мәлімдеген. Бірақ мәжілісмендердің пікірнше, бұл бағыттар бізден тым алыс болғандықтан тасымал шығыны тауардың құнынан асып түседі. Ең жақсы деген сценарийдің өзінде сапасыз бидайдың жартысын сату мүмкін екен. Ал «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі)төрағасы Нұрлан Оспанов "сапасыз бидайды тек Қытай тарапы ғана алуға ниетті. Онда да аздаған мөлшерде ғана. Сосын мал азығына және спирт жасауға қолдана аламыз. Соның өзінде бізде 3 млн тонна сапасыз бидай қалады" деп бұл мәселеге қатысты нақты жоспар керектігін айтқан.