Абайлаңыз, көктайғақ! LIVE

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші ауысымда білім алатын оқушылар мен 1-2 курс студенттері бүгін қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қазір бізбен «Астана тазалық» серіктестігінің Есіл ауданы бойынша атқарушы директоры Дархан Мұсабеков тікелей байланысқа шығуға дайын.