Соңғы екі тәулікте 350-ден астам жол апаты тіркелді

Ауа райының қолайсыздығынан соңғы екі күнде ел аумағында 350-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді.

Оның 30-дан астамы қала сыртындағы күре жолда болған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті хабарлады. Мамандар көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертеді. 

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

- Жолға шығар кезде міндетті түрде көлігіңіз дөңгелегін, жалпы жағдайын жақсартқаннан кейін барып жүргендеріңіз абзал. Хабарламалары толассыз келіп жатыр ғой. Соған көңіл бөліп, алыс сапарға шығар болсаңыздар көліктің басқа түрін таңдағаныңыз абзал. Асығыстық болмаса сапарларыңызды кейінге қалдыруды сұраймыз.