Жамбылдықтар жүрек жылытты

Өткен аптадағы күн райы елдің Қай өңіріне болсын оңай соққан жоқ.

Кейінгі күндері Әулиеата төңірегі біраз әуреге түсті. Жолаушылар жолдан қалды. Тіпті Луговой учаскесінде рельстің өзі  суыққа шыдамай қақ бөлінген. Теміржолшылар уақытылы қимылдап, жолды қалыпқа келтірді. Дегенмен одан кейінде күн райына байланысты пойыздар кешікті. Көлік жолдары да жабылған. Осы кезде олай-былай өтіп жатқан шетелдіктер де, ел іші де жамбылдықтарға жағалай алғыс айтып жатыр. Ел ішіндегі кәсіпкерлер, жол бойындағы ауыл адамдары тоқтап тұрған көлік иелеріне, пойыздағы жұртқа ыстық тамақ, ыстық шай жеткізіп берген. Далада қалағандарды үйлеріне қондырып, жағалай қамқор болды. Ал Шу вокзалында жамбылдықтар  мыңдаған жолаушыға қызмет көрсетті.