Астанадан 50 мың текше метр қар шығарылды

Астанадан бір түнде 3600-ден астам жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Елордада 19 желтоқсаннан 20-сына қараған түні 50 мың текше метр қар тазаланды. Бүгінде  ақ ұлпаны күреуге 2400-ден астам жол қызметкері мен 1600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қиындықсыз жүруі үшін негізгі магистральдар тазартылады. Сонымен қатар қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар назарға алынады.