Заңсыз саудаланған пиротехника тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында небәрі екі күнде заңсыз пиротехникалық өнім сатушыларға жарты миллион теңге айыппұл салынды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен тәртіп сақшылары базарлардағы тексерісті күшейтті. Олар жарылғыш бұйымдардың сапасы мен мерзімін қарап жатыр. Ал далада ашық сауда жасаушылардың көбінде ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Мұндай рейд аймақта 3-ші қаңтарға дейін жалғасады.

Серік Әлжанов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
-
Жедел алдын алу шарасы 25 желтоқсанда басталды. Содан бері 300-ден астам сертификатталмаған өнім тәркіленді. 9 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы қазір облыста пиротехникалық өнімдер сататын мамандандырылған екі дүкен ғана бар.