Азамат ердің баласы...

Абай облысында бүтіндей бір ауылды өрттен сақтап қалған құтқарушы тұрады.

Ол осы еңбегі үшін Президент жарлығымен мемлекеттік марапатқа ие болған.

Думан Баймұратов үшін 2023 жыл өзгеше болды. Ол жазда Абай облысындағы алапат өрттің екеуіне де қатысты. Бородулиха ауданы Успен ауылының 500-ге жуық тұрғынын эвакуациялауға атсалысты. Әріптестерімен бірге елді мекенді үш күн бойы тілсіз жаудан қорғады.

Думан Баймұратов, №7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі:

- Бір жарым тәулік ұйықтамай, сол жерде соңына дейін жұмыс істедік қой. Енді қиын болды ол жерде. Былай қарап тұрсаңыз, қазір соны ойласаңыз жәй түс көрген секілді ғанамыз ба? Өзіміз де таңқаламын. Қатты өрт, у-шу. Түтін, түк көрінбейді. Не түн бе, не күн ба, айыра алмайсыз.

Думан Баймұратов азаматтық қорғау саласында 10 жыл бойы еңбек етеді. Жұмысы техникамен тікелей байланысты.

Жандос Нүсіпханов, әріптесі:

- Орман өрті кезінде өте қиын. Үлкен өрт сөндіру автокөлігімен жұмыс істеу.  Думан ағамыз өте белсенді болды осы өртте. Дер кезінде су беріп үлгеру керек. Оның бүкілі негізінде қиын. Жұмыста өте белсенді. Сыйлы адам. Әркез дайындықта жүреді. Білмегенін үйретіп жүреді бізге.

Өрт сөндірушінің қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мемлекет тарапынан ескерілді. Президент жарлығымен оған 3-дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.

Қайырбек Тұрсынбаев, ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі бастығының м. а.:

- Басты мақсатымыз, бірінші қағида – адам өмірін құтқару. Аса маңызды осы жұмысты атқарамыз. Енді биылғы жылы бізде, өздеріңіз білесіздер, Абай облысы бойынша көптеген оқыс оқиға тіркелді. Оның ішінде алапат орман өрттері де болды. Қазақстанымызда бұрын-соңды болмаған. Ондай жерлерде біздің көп әріптестеріміз, қызметкерлеріміз өздерінің ерліктерімен танылып, жұмыста өздерінің нәтимжелерін көрсетіп жатты.

Абай облысында 781 құтқарушы бар. Олар биыл 2 жарым мыңға жуық шақыртуға шығып, 33 адамды өрттен құтқарған. 500-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Азамат Қасым, Медет Өмірханов, «24.KZ», Абай облысы.