Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталды

Бұл жолы жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар және олардың жұбайлары елдегі, сондай-ақ шет елдердегі мүлкін жария етеді.

Еске салайық, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, былтыр мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсырған. Ал келесі жылдан бастап жыл сайынғы декларацияны барлық азамат тапсыруға міндеттеледі.