Елордада қызылша жұқтырған 4 бала реанимация бөлімінде жатыр

Бұл бөбектер бұған дейін денсаулық жағдайына қатысты есепте тұрған.

Қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова ағымдағы ахуалды баяндады. Жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 80-нен астам бала қызылшаға шалдыққан. Мектепке дейінгі білім беретін 21 ұйымда, оның ішінде 3 мемлекеттік және 18 жекеменшік балабақшада дерт белгілері анықталды. 38 мектепте оқушылар арасында бірді-екілі қызылша жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл оқу ордаларында жаппай іс-шаралар тоқтатылып, жаңа балаларды қабылдауға уақытша шектеу қойылып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, қызылшаның таралуын азайту үшін халық арасында топтық иммунитет деңгейі 85 пайыздан асуы керек. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпе алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сархат Бейсенова, Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Ағымдағы жылы қаңтар айының он бір күнінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Елордада күн сайын қызылшаның 45-тен 30 жағдайға дейін тіркеуі аздап төмендеуіне қарамастан, қызылша бойынша жағдай әлі де күрделі болып қала береді. Науқастардың шамамен 79 пайызы қызылшаға қарсы егілмеген азаматтар, бұл аурудың себебі болып табылады. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 5 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 16 пайызды құрады.