Күре жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы қиындады.

«Қазавтожол» компаниясының мәліметінше, Ақмола, Жетісу, Қостанай, Павлодар және Қарағанды өңірлеріндегі трассалардың 15 учаскесі жабылған. Автожолдарды қардан тазалауға 300-ден астам адам мен 200 шақты техника жұмылдырылды.