Вейп тұтынушылармен күресу оңай болмайды

Вейп тұтынушылармен күресу оңай болмайды

Вейпты сатуды тоқтатқанмен тұтынушылардың тәуелділігімен күресу оңай болмайды.

  Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай осындай пікірде. Айтуынша,  жасанды шылымды дайындауға никотин пайдаланылады. Бұл хош иісті буға уланғандарды тәуел-ділік дейтін шырмауға түсіреді. Сондай-ақ,  электронды темекі түрін  шығаруда  17 мыңға жуық химиялық қоспа қолданылады. Олардың дені  жасанды қош иістен-діргіштер. Яғни жалған дәмге дәніккен жасөспірімдердің денсаулығына келетін зиян шаш етектен. Қазір аналар кеңесінің мүшелері кеселдің жолын кесуді сұрап петиция жариялаған. Оған 20 мыңнан аса ана қол қойған екен.

Баян Ахатай, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары:

- Бірінші кезекте мектептердегі психологиялық қызметті күшейту керек. Тәрбие тетіктерін біз әбден бекітуіміз керек. Екіншіден, аддиктолог, өкінішке орай, Қазақстанда аддиктология мына тәуелділпен жұмыс жасайтын  психологиялық қызмет түрін айтамыз я, осы аддиктология кішкене ақсап тұр. Бала бәлеге ұщыраса, ауызыңды жапта, құшағыңды аш деген. Біз балаларға жан-жақты жылулық беріп көмектесуіміз керек.