Алматы облысында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылады

Алматы облысында 55 мыңнан астам гектар жер игерілмей жатыр.

Ал мақсатты пайдаланбаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады. Мысалы, былтыр Жамбыл ауданында бос жатқан 40 мың гектардан астам жер учаскесі тәркіленіп 58 ауылға бөлінді. Қазір аудан бойынша ортақ жайылымды ұлғайту жұмыстары қолға алынды.

Азамат Сұлтан, Жамбыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

«Тағы да 5100 пайдаланылмай жатқан жерлермен жұмыс жүргізіліп жатыр қазіргі уақытта. Оның 1100 қазіргі уақытта сот орындарына жолданды. Сотқа талап арыз беріліп оң шешімі шешіледі деп ойлап отырмыз».